Тамды мұнай-газконденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тамды мұнай-газконденсат кен орны - Үстірт-Бозащы ойпаңының түйіскен жерінде, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Боранқұл станциясының солтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан. Кен 1986 жылы ашылып, сол жылы барлау-бұрғылау жұмысы басталған.

Геологиялық құрылымы

Шағын тектоникикалық тұрғыда кен батыс және шығыс төбелер арқылы күрделіленген ендікке жуық бағытта созылған антиклинальдық қатпардан орын алған. Мұнай иірімінің биіктігі 12,4 м, газконденсат иірімінікі 50 м. Су-мұнай жапсары – 2707 м, газ-су жапсары – 3105 м белгілерден өтеді. Иірімдер қабаттық, дөңдік, литологиялық қалқаланған. Қабаттар терригендік жыныстардан түзілген, коллекторлардың кеуектілігі 19-20%.

Қанығу сипаты

Мұнайға қаныққан қалыңдығы 11 м, газға қаныққан қалыңдығы 27,4 м. Бастапқы қабаттық қысым 34,3 МПа, температурасы 103°С.

Тығыздығы, құрамы

Мұнай ауыр, тығыздығы 920 кг/м3. Конденсаттың тығыздығы 752 кг/м3, құрамында парафині 4%, күкірті 0,05%. Газдың құрамында 85,89% метан, 6,09% этан, 3,17% пропан, 0,56% изобутан, 0,57% көмір қышқыл газы бар. Иірімдердің режимі суарынды және серпімді газарынды. Хлоркальцийлі типті қабат суларының тығыздығы 1140 кг/м3, минералданған 200 г/л.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тамды мұнай-газконденсат кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}