Тамара Михайловна Столярова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тамара Михайловна Столярова 1948 жылы 26 наурызда Петропавл қаласында туған. Орыс. Әкесі - Цибизов Михаил Иванович, марқұм, математика пәнінің мұғалімі болған, Ленин атындағы зауыттың техникалық бақылау бөлімінде еңбек еткен. Анасы - Цибизова Клавдия Григорьевна, марқұм, үй шаруасымен айналысқан, батыр-ана. Н.Ф. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрының базасындағы театр студиясын (1965), актер; Петропавл педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1975), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. 1966 жылдан - Солтүстік Қазақстан телевидение және радиохабарларын тарату басқармасында режиссердің көмекшісі. 1977 жылдан - Н.Ф. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрының қосалқы құрамының актрисасы. 1980 жылдан бері - А.Н. Островский атындағы Орал драма театрының актрисасы, сахна шебері. «Қайсар» белгісімен марапатталған (2001). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2004). Діни көзқарасы - атеист. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденіп дамыған ел». Хоббиі - киім тігу, тоқыма тоқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық отандық және шетел әдебиеті. Қызы - Столярова Лада Эдуардовна (1968 ж. т.), үй шаруасымен айналысады.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub