Талғат Серікұлы Бөлтенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Талғат Серікұлы Бөлтенов 1970 жылы 2 мамырда Қостанай облысы Рудный қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Бөлтенов Серік Сәменүлы (1941-2000), мемлекеттік автоинспектор, милиция подполковнигі болған. Анасы - Бөлтенова Айсұлу Әлмағамбетқызы (1943-2006), «Көкшетауауылқұрылыс» тресінің инженер-құрылысшысы болған.

Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын (1994) инженер- механик мамандығы бойынша; Республикалық сала аралық есеп пен есептілік институтын (1997) бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

«Инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері» ғылыми жұмысының (2000); «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерінде жарық көрген бюджетті орындау және коммуналдық меншік мәселелеріне арналған 4 мақаланың авторы.

1985-1989 жылдары - Көкшетау автомеханикалық техникумының студенті. 1988 жылдың маусымынан шілдесіне дейін - №1 Көкшетау автокөлік кәсіпорынының өндірістік тәжірибе көзеңіндегі 1-ші разрядты слесарі. 1989 жылдан - Қарағанды политехникалық институтының студөнті. 1992 жылдан - Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының студөнті. 1996 жылдан - «Бутя» ЖШС көтерме сауда бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан - «РР Қазақстан - Сауда және қаржыландыру ЛТД» БК ЖШС экономисі. 1998 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін - «Деловой мир» сервистік орталығы» ЖШС маркетинг жөніндегі менеджері. 1999 жылдың ақпанынан - «Бағдарламалар. Ақпараттар. Компьютерлер» ЖШС сатылымдар жөніндегі менеджері. 1999 жылдың маусымынан - Ақмола облыстық экономика басқармасының инвестициялар, салалық және салааралық саясат бөлімінің бас маманы, 2000 жыл- дан - инвестициялық саясат және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы. 2001 жылдың мамырынан - Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының инвестициялық саясат және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы, 2001 жылдың қарашасынан - бастығы орынбасарының м.а., 2002 жылдан - бастығының орынбасары. 2005 жылдан - Ақмола облысы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2007 жыл- дан - Ақмола облысы Қаржы департаментінің директоры. 2008 жылдың қаңтарынан - Ақмола облысының әкімі аппаратының жетекшісі. 2008 жылдың ақпанынан - Ақмола облысы Қаржы департаментінің директоры. 2008 жылдың сәуірінен бері - Ақмола облысы Қаржы басқармасының бастығы.

«Астананың Южылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2009) медальдарымен марапатталған.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамдар - «Ұлы дер- жава. Жоғары дамыған, дербес, экономикалық тұрақты, өркендеуші ел».

Хоббиі - спорт, дзюдо, отбасымен табиғат аясында демалу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи, ғылыми-көпшілік әдебиет. Үйленгөн. Жұбайы - Бөлтенова Әлия Сағитқызы (1970 ж. т.). Қыздары - Бөлтенова Томирис Талғатқызы (1994 ж. т.), Бөлтенова Даяна Талғатқызы (2001 ж. т.); үлы - Бөлтенов Жәңгір Талғатұлы (2004 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub