Талғамдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Талғамдар — жеке адамның немесе әлеуметтік топтардың көркем шығарманы, сұлулықты кейіпсіздіктен ажырата білу қабілеті. Талғам — эстетикалық сананың саласы. Өмірдегі сұлулықты, табиғат көріністерін, еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастағы, жеке адам бойындағы әсемдік көріністерді бағалай, қабылдай білу қасиетін талғампаздық қасиет деп бағалайды. Талғам адамның дүниеге, қоршаған ортаға деген көзқарасын білдіреді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}