Талма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Талма (құрысу) — Егер бір адам кенет есінен танып, қүлап, қалтырап-дірілдеп, селкілдеп жатса, мына адамның талмасы бар екен дейміз. Ал бұл шын мәнінде дененің құрысуынан болатын жағдай. Талма ми қызметінің бұзылуынан болады. Жас баладағы талмаға себепші — ыстықтың жоғары көтерілуі мен денеде сұйықтың күрт азаюы. Ересек адамдарда талма менингиттен, ми безгегінен немесе уланудан болады. Адам жиі тала берсе, ол қояншықпен ауыратын болуы мүмкін.

  • Талманың нақты себебін анықтап, оны емдеңіз.
  • Егер жас баланың ыстығы жоғары болса, оны салқын сумен түсіріңіз.
  • Егер жас балада сұйықтың азаю белгілері болса, регидратпен баяу клизма жасаңыз. Дәрігер шақыртыңыз. Талған кезде аузына ештеңе салмаңыз.
  • Менингиттің белгілері байқалса, тез ем қолданып, дәрігер шақыртыңыз.
  • Церебралды безгектен сезіктенсеңіз, безгекке қолданыпатын дәріні шанышыңыз.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}