Талдықорған драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Талдықорған драма театры, қазіргі Алматы облысы қазақ драма театры, Б.Римова атындағы - мәдени-сахналық мекеме. Талдықорған облыстық қазақ драма театры деген атпен 1975 ж. ұйымдастырылып, сол жылы 4 карашада Ғ.Мүсіреповтің "Козы Корпеш - Баян сұлу" трагедиясымен тұңғыш рет шымылдық ашты. Театр труппасы реж. М.Қамбаровтың жетекшілігімен Алматы консерваториясының (казіргі Қазақ ұлттың консерваториясы) актерлік факультетін (А.Базаргелдиев, А.Исаев, Ж.Р. Лебедев, Д.Мүсабеков, Ә.Оразбеков, Қ.Темірбаев, Ж.Шайкина, т.б.) және Қазақ академиялық драма театрының студиясын (С.Нұрғалықов, т.б.) бітірушілерден құралды. 1975 - 97 жылдары театр репертуарынан тол драматургиядан М.Әуезовтің "Қарагөз", "Түнгі сарын" мен "Хан Кене" Қ Мұхамеджановтың "Қайдасың сен, Хайдарбек", Т.Ахтановтың "Әке мен бала" және "Күшік күйеу", А.Шамкеновтің "Уәкілдер", М.Мүкановтың "Шокан Уәлнханов", Д.Исабековтің "Кішкентай ауыл" мен "Ескі үйдегі екі кездесу", А.Сүлейменовтің "Қыздай жесір - штат қысқарту", Ш. Мұртазаның "Сталинге хат", Қ.Ысқақовтың "Таңғы жаңғырық" пен "Ұлпан", О.Бокеевтің "Құлыным менің", Р.Сейсенбаевтың "Өзіңді тап" (Е.Обаевнен бірге "Қазақстан тұңғышы 6 СТ-75" және "Қазыбектің оралуы", Т.Қалилахаиовтың "Алтын бесік" және "Өшкен жұлдыз" (О.Бодықовнен бірге Қ.Баяндиннін "Жаңғырық", А.Кенжебекованың "Абай туралы аңыз", Т.Әліпбайдың "Қанды ғасыр", сонымен бірге аударма шығармалардан Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселім", А.В. Вампиловтың "Тұңғыш ұл" (Сүйінші табылды, табылды..." деген атпен), B. И. Ежовтың "Бұлбұлдар түні", А.А. Фадеевтің "Жас гвардия", А.А. Бектің "Волоқалам тас жолы" т.б. орын алды. Бұл спектакльдердің біразын театр суретшісі С. Үмекенов көркемдеді. Тәуелсіздікке кол жеткізгеннен кейінгі жылдары театр репертуары жаңа спектакльдермен толықты. Театрдың құрамында әр жылдары актерлер О.Әбділманов, Т.Әбжәлиев, к.Ружева, Т.Теменов, Ә. Арысбаева, М. Ахманов, С. Жылкелдиев, А. Женжебекова, Ә. Қалиев, C. Рақышев, Н.Әмірғалиев, режиссер М.Қамбаров, Б.Омаров, О.Сәрсенбеков, С. Асылхан, Х. Темір, Т. Көбеков, Қ. Сүгірбеков, т.б. қызмет етті. 1976 жылдан театр труппасы Жамбыл, Қызылорда, Семей, Шығыс Қазақстан Шымкент облыстарын аралап, өнер көрсетті; 1978 және 1995, 2005 ж. Алматыда, 2000 ж. Астанада болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}