Талас Омарбеков
Өмірбаяны
ҚазПИ-ді бітірген (1971). Еңбек жолын Жуалы және Байзақ аудандарында орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1980 – 2001 жылы ҚазПИ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында, “Ақиқат” журналында, Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық, шығармашылық қызметпен айналысты. 2001 жылдан ҚазҰУ-дегі ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі.
Зерттеулері
М.Х. Дулат мұраларын, орта ғасырлардағы тарихи тұлғаларды ұлттық көзқараста зерделеп, Отан тарихын кезеңдеудің теориялық-методологиялық мәселелері бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Қазақстанда сталиндік тоталитарлық жүйенің орнығу тарихы мен оның салдарын зерттеген алғашқы отандық тарихшылардың бірі болды. Ол 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары Қазақстанда байларды тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясатының зардаптарын ашып көрсетіп, сол тарихи кезеңде орын алған халық наразылықтарына жаңа тарихи көзқарас қалыптастырды.
Дереккөздер
<references/>