Таласбек Әсемқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Таласбек Әсемқұлов (01.08.1955, Ақтоғай теміржол станциясы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы-23.09.2014, Алматы) - жазушы, кинодраматург, күйші.

Өмірбаяны

Балалық шағы

1976-80 ж.ж. – Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикаинституты филология факультетінің қазақша бөлімінде оқыған;

1980-83 ж.ж. – Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінің ғылыми қызметкері;

1984-87 ж.ж. – Республикалық «Жазушы» баспасында әдеби редактор;

1987-98 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерүшісі;

1998-2006 ж.ж. – Республикалық «Жұлдыз» әдеби журналы сын бөлімінің меңгерушісі.

Шығармашылығы

Сценарий жазу өнерімен пединститутта оқып жүрген студент кезінен айналысқан.

Республикалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері, «Шымдан» повесі және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы жарық көрген.

«Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы. Сондай-ақ республикалық баспасөзде қазақ және орыс тілінде түрлі әдебиет, мәдениеттану тақырыптарына арналған бірқатар мақалалары жарық көрген.

Домбырашы-сазгер

1973 жылы «Бәйжігіт күйлері» деген жеке гранд-дискі Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасынан шықты. «Мәңгілік сары» антологияға 20-дан астам, «Қазақтың мың күйі» (2009) антологияға 40-тан астам күйі енген. 2010 жылы Парижден «Таттімбеттің мұрасы» СД-дискі шыққан. Югославия және Францияда гастрольмен болды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Тағы қараңыз

Отукен сайты (проза, сценарийлер, мақалалар, күйлер)

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}