Тайыр Жомартбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жомартбаев Тайыр, шын есімі Тайлақбай (1884, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы – 1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург. Көкбай медресесінде білім алып, 1911 жылы Уфадағы “Ғалия” медресесін бітірген. 1911 – 15 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі Адығия Орманова қыз балаларға сабақ береді. Семейдегі “Жәрдем” баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін “Балаларға жеміс” атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген “Қыз көрелік” (1912) романы басылып шықты. 1915 – 28 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болып қызмет істейді. 1928 – 30 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 – 37 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болған. Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, “Айқап”, “Жаңа мектеп” журналдары мен “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды. Жомартбаевтың “Сары сүйек құда”, “Осы ма, қазақ, өмірің?” атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласында №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып (1937), Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген. 1956 жылы ақталды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Сілтеме

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тайыр Жомартбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}