Табыну

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адам баласында Алла тағалаға, әулие-әнбиеге тағы басқа киелі тылсым күшке сыйыну мен сенудің және оған ниет қоюдың бірнеше жолдары бар. Солардың бірі табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным-түсінігін, оның құдіретті күшін дәріптейді. Оған өзі де, өзгені де сендіреді, тоқтатады. Қазақтар көбінесе Жаратушы құдіреттен басқа аруаққа да табынады. Олардан көмек күтеді, бала тілейді, ауру-сырқауына шипа іздейді. Табынудың ақсарбас айту, тасаттық беру, әулие басына түнеу, мойнына бұршақ салу, құрбандық шалу, қайыр садақа беру тағы басқа жөн-жосықтары мен ырым-тыйымдары, өзгеше көріністері де бар. Бұл ғұрыпты ел ішінен әлі де жиі кездестіруге болады.

Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.