Табылды Мұқатов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұқатов Табылды (16.1.1947 жылы туған, Атырау облысы, Орна а.) — суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі (1979).<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

  • 1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін,
  • 1973 жылы Украинадағы И.В.Федоров атындағы полиграфия институтын суретші-график мамандығы бойынша бітірген. Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген (1973—75).
  • 1975 жылдан бастап республиканың баспа саласында кітап көркемдеу бөлімдерінде редактор суретші қызметтерін атқарған.

М.Әуезовтың "Шу асау", І.Жансүгіровтің "Құлагер", Ы.Шорековтың "Исатай— Махамбет", "Қазақтың көне алтыны" кітаптары бүкілодақтық, халықаралық көрмелерде дипломдармен марапатталған. Живопись жанрындағы еңбектері көптеген елдердің жеке жинағында сақтаулы. Кітап саласында соңғы еңбектері: Фирдоуси "Шахнама", "Жеті ғасыр жырлайды" (поэзия антологиясы). 2003 жылы ұлы ақын Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойына арнап "Құм жазуы" қарпімен орындаған еңбегі ЮНЕСКО-ның алтын медаліне және аймақаралық Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды. "Арыс" баспасында жарык көрген "Махамбет әлемі" сериясын, Ж. Нәжімеденовтің "Менің Қазақстаным", т.б. көптеген кітаптарды безендіруші.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}