Табиғат пайдаланудағы фактор
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Табиғат пайдаланудағы фактор — табиғи ресурстарды пайдалану процестеріне ықпал жасайтын кез келген (абиоталық, биоталық және антропогендік) әсер. Мұндай факторларды үш топқа белуге болады:
- а) табиғи ресурстарға ықпал ететіндер,
- ә) өндірістің өзіне әсер ететіндер (мысалы, ортаның ластануы) және
- б) табиғат пайдаланушы ретінде адамға әсер ететін факторлар. Әдетте, табиғат пайдаланудағы фактор табиғат пайдаланудың бүкіл жиынтығына әр түрлі шамада ықпал етеді.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>
Дереккөздер
<references/>