С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы 1979 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы 257 қаулысымен кітапханаға ақын Сағи Жиенбаев есімі берілді. Кітапхана оқу залы, Интернет залы, абонемент, өнер əдебиеттері, əдістеме-библиография, өңдеу, толықтыру бөлімдерінен тұрады. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 60 мыңнан астам кітап қоры, оның ішінде: Қазақстан тарихы, психология, мəдениеттану, құқық, экономика, атақты қазақ жəне шетел философтары жайлы кітаптар жəне көркем əдебиеттер, 200-ден аса газет, журналдар бар. Кітапхана қоры кітапхана ісін автоматтандыруға байланысты пайда болған дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушы көздер, видео-аудиокассета, компьютерлік əдебиеттер жəне электрондық катологтармен толықтырылуда. Оларды бүгінде оқырмандар электрондық католог арқылы пайдаланады. 1989 жылы "Құрдастар" эстетикалық клубы құрылды. 2003 жылдан "Кітапхана мəдени демалыс орталығы", 2006 жылдан "Кітапхана: мəдениет диалогы" бағдарламалары жұмыс жасайды. 2008 жылы Интернет зал ашылды. <ref> Ақтөбе облысының мəдениеті мен өнері </ref>

Дереккөздер