Сөз варианттары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сөз варианттары Үлгі:Lang-ru — дылуы, мағынасы бір-біріне жақын, тілде жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір сөздер. Сөз варианттары фонетикалық, лексика-морфологиялық, лексика-семантикалық, әдеби-диалектілік сипатта кездеседі.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>
Мысалы:
- Фонетикалық варианттар: дөңгелек — доңғалақ, шүйінші — сүйінші, шайқымазақ — сайқымазақ, парапар — барабар. суару — суғару, дәнеме — дәнеңе.
- Лексика-морфологиялық варианттар: екіншілей — екіншідей, естіген — есіткен, қабырға — қабыртқа, бақай — башпай, жирену — жиіркену, міне — мінеки — мінекей
- Лексика-семантикалық варианттар: азар—әзер, күнә—кінә, ащы — ашты, ыстық — ыссы.
- Кірме сөздердің кейбірі бірнеше вариантта қолданылады: ар., парсы сөздерінен: риза—разы—ырза, царжы — қаражат, мағлұмат — мәлімет, халық, — халайық,
- Орыс сөздерінен: самауыр — самаурын, өшірет — шірет, мәтке-мәтша;
- Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы — таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе — кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай, тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр — әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты варианттардың кейбірінін әдеби нұсқалары әлі анықтауды қажет етеді. Сөз варианттарын синонимдермен шатастырмау керек, олардың синонимдерден айырмасы — шыққан тегінің бір екендігінде.
Дереккөздер
<references/>