Сәуле Қасымхан қызы Сатыбалдиева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сәуле Қасымхан қызы Сатыбалдиева – 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ қызы.
<ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы, ISBN 788-548-4258-64-5</ref>
1965 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, «Нұра» ауылында дүниеге келген.
Орта білім алған соң Абай атындағы педагогикалық институттың Бастауыш сыныбын оқыту және методикасы факультетіне оқуға түседі.
Үшінші курс оқып жүргенде Желтоқсан көтерілісіне қатысып, оқудан шығарылған, қудалауға ұшыраған. Қазір Алматы қаласындағы №136 қазақ орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады.
Дереккөздер
<references/>