Сәуле Төлебайқызы Бөлтірікова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәуле Төлебайқызы Бөлтірікова (1948 жылы туған) - қолөнер шебері. Архитектор, сән, қолөнері және монумент өнері саласында жұмыс істейді. Оның шығармаларының ерекшелігі - халық өнерін бүгінгі үлгімен және дизайндық жаңалықтармен ұштастыруымен ерекшеленеді. Сәуле Төлебайқызы Абайдың 125 жылдық мерейтойына орай «Абай дәуірі» (1968, құлын және ондатр терісі, автор қоры) еңбегін әзірледі.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref> Туындылары Қазақстанда, Түркіменстанда, Польшада, Латвияда, Венгрияда, Словакияда, Чехияда, Финляндияда, Данияда, Италияда (Сардиния аралы), АҚШ-та, Қытайда, РФ, Молдавияда, Германияда («Gold» галереясы) сақталуда. Еңбектері халықаралық, бүкілодақтық, республикалық, аймақтық, аумақтық, қалалық, тақырыптық жеке көрмелерде қойылған. Діни көзқарасы - өркін, барлық діндерге құрметпен қарайды.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мен Л.Н. Гумилевтің сөздерімен жауап беремін: «Келешекті болжап айтуға болмайды, себебі оны анықтайтын істер әлі жасалған жоқ!» Хоббиі - тарих. Сүйіп оқитын әдебиеті - «Қазіргі уақытта қызықты нәрсенің бәрін оқимын». Тұрмыста. Жұбайы - Жалмұхамедов Эрик Әміржанұлы (1940 жылы туған), сәулетші, «Баспана констракшн» компаниясы жобаларының бас инженері. Қызы - Жалмұхамедова Айнұр Эрикқызы (1988 ж. т.), заңгер; ұлы - Бөлтіріков Сағи Төлеубайүлы (1991 жылы туған), студент.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

энциклопедиясы]]

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәуле Төлебайқызы Бөлтірікова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}