Сәуле Темірқызы Сүлейменова - Базарғалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәуле Темірқызы Сүлейменова - Базарғалиева (1970 жыл 29 сәуір Алматы қаласы) - суретші.


Әкесі - Темір Бимашұлы Сүлейменов, ҚР Дизайнерлер одағының президенті, Қаз БСҚА профессоры, сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Анасы - Саида Әбдірақымқызы Еламанова, музыкатанушы, өнертану кандидаты, «Мәдениет қайраткері» (2 мәрте).

  • Қазақ бас сәулет және құрылыс академиясының сәулет факультетін бітірген (1996), мамандығы - «Сәулет ортасының дизайны».
  • Бейнелеу өнерінің мәнері - графика, «фотосурет бойынша кескіндеме».
  • «Жасыл үшбұрыш» тобының алғашқы жергілікті андеграунд көрмелеріне қатысты.
  • «Махаббат туралы» (2003), «Қазақ хроникасы» (2005), «Автобустар және аялдамалар» (2007), «I'm Kazakh» (2010) жұмыстар сериясының авторы.
  • «Үш періштенің саяхаты» («Мың Ой» галереясы, 1996, Алматы қаласы); «Махаббат жәнө Күш» («Ұлар» галереясы, Алматы қаласы, 1997); «Қуаныштың Сәулесі» («Тәңірі-Ұмай» галереясы, Алматы қ., 1999, К. Базарғалиевпен бірге); «Қуаныштың Сәулесі-2» (Capital Real Estate, Алматы қаласы, 2001, совместно с К. Базарғалиевпен бірге); Менің жолым» (Capital Real Estate, Алматы қ., 2002); «Қуаныштың Сәулесі-3» («Тәңірі-Ұмай» галереясы, Алматы қаласы, 2002, К. Базарғалиевпен тең); «Қуаныштың Сәулесі-4» (ЦВЗ, Алматы қаласы, 2004); «Қазақ хроникасы» («Тәңірі-Ұмай» галереясы, Алматы қаласы, 2005); "Kazakh: Paintings by Saule Suleimenova" (Беркли қаласы, Калифорния штаты, АҚШ, 2005); "AsiaAlive" бағдарламасының аясындағы жеке кермесі (Азиялық өнер мұражайы, Сан-Франциско қаласы, АҚШ, 2005); «Қуаныштың Сәулесі» (демеуші - "Deloitte&Touche" компаниясы, «Тәңірі-Ұмай» галереясы, Алматы қаласы, 2006, К. Базарғалиевпен тең); «Автобустар және аялдамалар» («Тенгри-Умай» галереясы, Алматы қаласы, 2007); "I'm Kazakh" (ОКЗ, Алматы қаласы, 2010) жеке көрмелерін өткізген.
  • Жұмыстары «Жасыл үшбұрыш» тобының көрмелерінде қойылған (BBC, Лондон қаласы, Ұлыбритания).
  • Жұмыстары Қазақ мемлекеттік заманауи енер мұражайында (Астана қаласы), Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Алматы қаласы), ҚР Мәдениет министрлігінің Көркемсуретті көрмелер және аукциондар дирекциясында, Невзоровтар атындағы Новосибирск мемлекеттік мұражайында (Ресей), Нортон Додждың топтамасында (Зиммерли мұражайы, Нью-Джерси қаласы, АҚШ); «Тәңірі-Ұмай» галереясында (Алматы қаласы), Ричард Спунердің (Қазақстан/ АҚШ); Алексис де Тизенгаузеннің коллекцияларында (Кристис қаласы, Ұлыбритания), Қазақстанның және шетелдің басқа жеке коллекцияларында сақталуда.
  • ҚР Суретшілер одағының Жастар ұйымының (1990 жылдан), ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1998 жылдан).
  • ҚР Президентінің сыйлығының стипендианты (1998).
  • Дипломдық жобалардың халықаралық конкурсының бірінші сыйлығының (Екатеринбург қаласы, Ресей, 1996), «Шабыт» халықаралық фестивалінің үшінші сыйлығының (Астана қаласы, 2001), «Жігер» халықаралық фестивалінің екінші сыйлығының (Алматы қаласы, 2001), «Шеберлік сабағы - Қазақстан» халықаралық өнер фестивалінің «Жібек жолдың жаңалығы» номинациясында (2000) лауреаты.
  • Тұрмыста. Жұбайы - Қуаныш Сағынғалыұлы Базарғалиев (1969 жылы туған), суретші-кескіндемеші. Қыздары - Сүлейменова-Базарғалиева Сүйінбике (1992 жылы туған), Базарғалиева Медина (2001 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub