Сәулетәрізділер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сәулетәрізділер (RADIOLARIA) негізінен планктондарға жататын бір клеткалы микроорганизмдер тобы. Көбінесе жеке дара, сирегірек құжынама түрде теңіз суларында тіршілік етеді. Қаңқасы кремнеземнен (опалдан) құралады, сондықтан жынысқұрушы роль атқарады; палеонтологиялық зерттеулерге де негіз бола алады, кембрий кезеңінен бері белгілі.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Капсула ішіңдегі цитоплазма тығыз, түйіршікті болып келеді, бір ғана немесе көп ядролар орналасқан, ал капсула сыртындағы цитоплазма жұқа көбіктенген, онда вакуольдер, қоректік бөлшектер, шырыш пен май тамшылары орналасқан. Цитоплазмалар бір-бірімен капсула түтікшелері арқылы байланысады. Көп жағдайда цитоплазмада симбиозды тіршілік ететін бір клеткалық балдырлар кездеседі. Олар сәулелілерді оттегімен қамтамасыз етеді.

  • мөлшері 40 мкм-ден 1 мм-ге дейін, одан да ірі.
  • Қаңқасы кремнеземнен не стронций сульфатынан тұрады.
  • Мұхит түбінде радиолярийлік тұнба түзеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—

Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Сәулелілерде екі түрлі жалған аяғы болады. Біріншісі - капсула ішіндегі цитоплазмадан түзілген капсула түтікшелері арқылы сыртқа шыққан жалған аяқтары, екіншісі - капсула сыртындағы цитоплазмадан түзілген жалған аяқтары. Осы жалған аяқтары бір-бірімен байланысып күрделі тор құрайды да, қоректік заттарын ұстау қызметін атқарады. Бұдан басқа көптеген сәулелілерде аксоподия деген жалған аяқтары болады. Олар тарамдалмаған, тік болып келеді. Аксоподиялары мен қаңқасының инелері денесінің су қабаттарында қалқып жүруіне мүмкіндік береді. Сәулелілердің санаулы түрлері ғана жынысты жолмен көбейеді, ал көпшілігі жыныссыз жолмен екіге бөліну арқылы көбейеді. Сәулетәрізділер класс тармағы бес отрядқа бөлінеді.

  • Акантария отряды - Acantharia. Акантариялардың қаңқасы күкірт қышқылды стронциядан құралған, 20 сәулелі инелері болады. Орталық капсуласы нығыздалған цитоплазмадан құралған, кейбір түрлерінде орталық капсуласы болмайды. Негізгі өкілі - Acanthometra elastica.
  • Спумеллярия отряды - Spumellaria. Спумелляриялардың қаңқасы кремнеземнен құралған, кейбір түрлерінде қаңқасы болмайды. Орталық капсуласында көптеген майда саңылаулары болады. Негізгі өкілі - Thalassicola muleata.
  • Насселярия отряды - Nassellaria. Насселяриялардың қаңқасы кремнеземнен құралған. Орталық капсуласы ұзын, ұршық тәрізді. Негізгі өкілі - Medusetta craspedota.
  • Фаеодария отряды - Phaeodaria. Фаеодариялардың кремнеземді қаңқасы өте жақсы жетілген. Орталық капсуласында бір немесе үш үлкен тесігі болады. Негізгі өкілі - Aulacantha scolymantha.
  • Стихолонхеа отряды - Sticholonchea. Қаңқасының инелері 18-20 шамасында сәулетәрізді шоғырланып орналасады. Өкілдері Жерорта теңізі мен Тынық мұхитында табылған.<ref>Дәуітбаева К.Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004. ISBN 9965-749-11-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub