Сәт бейіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәт бейіті - 19 ғ.-дың соңы мен 20 ғ. басында салынған қорым. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Ақкөл ауылынан («Жетікөл» кеңшарының 1-фермасы) оңтүстікке қарай 12 км жерде.

Молалардың көпшілігі сазбалшықтан соқпа тәсілмен салынған, олардың біреуінің қасындағы 1848 жылғы оймыш құлпытас сақталған.

Әсіресе мұндағы палуан Сәт Қалдыбайұлының кесенесі ерекше назар аудартады. Бейіттің оң қапталы толықтай қираған. Сақталып қалған солтүстік қабырғасы мен оған ұласатын бөліктеріне қарап, тамның тік бұрыш шаршы пішінінде, маңдайы оңтүстікке қарата салынғанын байқауға болады.

Ішкі бұрыштары 2 м-дей биіктік шамасында ағашпен қиюластыра өрілген. Бұл бейітке жерленген адам — байбақты руынан шыққан Даттың немересі, Сәт палуан туралы ел арасында аңыз көп. Батыс Қазақстан өңірінің қазақтары әлі күнге дейін ауыр нәрсені көтерерде «Иә, Сәт!» деп оның есімін ауызға алып, әруағына сыйынады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәт бейіті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}