Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы - Павлодар облысы Баянауыл ауылындағы мәдениет-ағарту мекемесі. Көрнекті ғалым және қоғам қайраткері Қ. Сәтбаевтың құрметіне 1964 ж. Баянауыл ауданы мөдениет үйінде құрылған. 1967 жылдан оз алдына жеке мекеме. Мұражайдың негізгі міндеті - ұлы ғалымға қатысты экспонаттарды жинау, толықтыру, зерделеу және сактау жұмыстарын ұйымдастыру, мәдени құндьшықтарды қалпына келтіру, дәрістер, көрмелер, экскурсиялар өткізу. Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығына, ғылымдағы жолына арналған бұл мұражай төрт залдан тұрады. Әрбір залдан ғалымның балалық шағы, Семей мен Баянауылда өткен жастық күндері, кенді Жезқазғанда жұмыс істеген жылдары жайында толық мағлүмат алуға болады. Мұражайда Сөтбаевтың Жезказған, Ұлытаү, Торғай, Атбасар. Есіл оңірлерін аралап, кен орындарын іздеп тапқаны, оның экономиканы өркендетуге қосқан үлесі, Ертіс - Қарағанды каналына сіңірген еңбегі жайында көптеген деректер жиналған. Келушілерге арналған 60 орындық кинозалдан ұлы ғалым жайында, Баянауылдан шыққан ғұламалар, ақын-жазушылар, ғалымдар, өнер адамдары жайында кинофильмдер көруге болады. Мұражайдың Торайғыров және Жаңажол ауылында екі бөлімшесі жұмыс істейді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}