Сәлім Нығметұлы Айтқұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сәлім Нығметұлы Айтқұлов (1913, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы - 21.4.1975, Орал қаласы) - барлаушы, Кеңес Одағының Батыры (1943). Балалар үйінде тәрбиеленді. 1943 жылы 29 қыркүйекте Днепр үшін болған ұрыста 231-гвардиялық атқыштар полкінің кіші лейтенанты Айтқұлов басқарған взвод жаудың 9 шабуылына тойтарыс берді және 4 рет қарсы шабуылға шықты, жаудың 2 взводын жойды. 6 қазанда жараланғанына қарамастан, Айтқұлов өз взводың жау қоршауынан алып шықты. Жеңіс күнін Польша жерінде қарсы алып, елге оралған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub