Сәбит Баймолдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбит Баймолдин<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>(1942-2000)5 наурызда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарабұлақ ауылында туған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, өз ауылында мектепте мұғалім, директор болған. Кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген. «Қазақстан мүғалімі» газетінде Батыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілші, «Стальная магистраль» газеті редакторының орынбасары, Ақтөбе облыстық кітапқұмарлар қоғамы басқармасына жауапты хатшы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, Қазақ КСР Баспа және полиграфия жөніндегі Комитетте бөлім бастығы, баспалар жанындағы Литоның Бас редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі болып істеген. Оннан астам жыр жинағы, таңдамалылары жарық көрді.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

  • Жер - мекен. Тұңғыш кітап. А., «Жазушы», 1966;
  • Қырда туған. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
  • Монолог. Дастандар. А., «Жазушы», 1969;
  • Қызыл іңір. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971;
  • Сағыныш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976;
  • Алтын гүл. Өлеңдер, дастан дар. А., «Жалын», 1978;
  • Сенемін саған. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980;
  • Іңкәр күндер. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982;
  • Армия семьясы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
  • Бесік жыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}