Сәбит Айтмұханұлы Досанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбит Айтмұханұлы Досанов (12.1.1940 жылы туған, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауылы) – жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999).

  • ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген. Еңбек жолын республикалық газет-журналдардан бастап,
  • 19851989 жылдары КСРО Әдебиет қорының қазақ бөлімшесінде директор,
  • 19911995 жылдары республикалық халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының бас директоры,
  • 19961997 жылдары “Қайнар” баспасының бас редакторы қызметтерін атқарды.

Шығармашылығы

Алғашқы “Қайырлы таң” очерктер мен әңгімелер жинағы 1966 жылы жарық көрді. Бұдан кейін “Соны іздер” әдеби-зерттеу еңбегі жарияланды. Кейіннен Досанов көркем жанрға бет бұрып, “Қыран қалғымайды” (1971) повестер жинағы мен “Тау жолы” (1978), “Екінші өмір” (1981) романдарын жариялады. “Жер тағдыры”, “Сексен бестің көктемі”, “Адаспаңдар адамдар”, “Тотем под чадрой”, “Тензор стенного кургана”, “Сыңсып ұшқан сыңар аққу” шығармалары жазушыны өмірдің өзекті мәселелерін көтерген, өткір көркем сөз шебері ретінде танытты. Осы аралықта әдеби-зерттеу мәселелеріне қайта оралып, “Қазына” (1984), “Жүректің отын сөндірме” (1988) монографияларын жариялады. Досанов соңғы жылдары “Жиырмасыншы ғасыр” (1998), “Аптаның екінші күні” (2003), “Қылбұрау” (2003), “Ұйық” (2005), “Тұйық” (2007) романдары мен “Дүние жалған” (2007), “Жусан исі” (2007) повестер мен әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. “Дауыл”, “Ертең бюро”, “Тозақ шеңбері” пьесалары республикалық және облыстық театрлар сахнасында қойылды. “Тау жолы” (1981), “Ақ аруана ” (2001), “Жиырмасыншы ғасыр” роман, повестері орыс тілінде, “Ақ аруана” (2007) француз тілінде жарық көрді. 2000 жылы Досанов РФ-ның Шолохов атындағы Халықаралық сыйлығын, 2007 жылы Қырғыз РеспубликасыныңАлтын қалам” әдеби сыйлығын иеленді. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}