Сәбира Майқанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Сәбира Майқанова (1.1. 1914, Сырдария ауданы – 14.2. 1994, Алматы қаласы) – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі.<ref>http://akterruss.ucoz.net/index/majkanova_sabira/0-1228</ref>


1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В.М. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И.П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Б.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиханы (А.Н. Островский «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), А.П. Чехов, («Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағайында») Марина, Көклән мен Мөржан, Мамық Майлин, «Майдан» (Әуезов, «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Қарагөзінде») т.б. рөлдерін ойнады. 1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт», 1995), Торғын («Біз осында тұрамыз», 1957), Дәметкен («Құйма», 1961), Камка («Қыз жібек», 1969) т.б. Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады (1983). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>"Сыр елі энциклопедиясы"</ref><ref>Н.И., Казахский театр, Очерк истории, М., 1961</ref><ref>Құндақбаев Б., Нұрпейісов К., М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 40 жыл, А., 1966</ref> <ref>Багатенкова Л.И., Сабира Майканова, в ее кн.: Услышать и понять человека, А.-А., 1987</ref><ref>Римова Б., Сәбира Майқанова, Өнердегі өнегелі өмірлер, А., 1997.</ref>

Сабира Майқанова (1914-1995жж.)

Сəбира Майқанова 1914 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған.

Қызмет жолы

  • 1958 жылы Қазақстан халық əртісі.
  • 1970 жылы КСРО халық əртісі.
  • 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданған. Актрисаның шығармашылық жолы осы театрдың сахнасында сомдаған рөлі - Б.Майлиннің "Майдан" драмасындағы Алтынай болды.

Сомдаған рөлдері

  • Роза (Д.Рахменқұлов "Документ")
  • Зотова (В.М.Киршон "Астық")
  • Рая (М.Əуезов "Алма бақ")
  • Гүлжəмила (М.Əуезов, Ə.Тəжібаев "Ақ қайың")
  • Любовь Яровая (К.А.Тренев "Любовь Яровая")
  • Ұлжан (М.Əуезов "Абай" романы бойынша)
  • Зейнеп (С.Мұқанов "Шоқан Уалиханов")
  • Мақпал (Ғ.Мүсірепов "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу")
  • Толғанай (Ш.Айтматов "Ана-Жер-ана")

Марапаттамалары

  • 1967 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік сыйлығын алды.
  • Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Алматы баспасы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub