Сұрамақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұрамақ – мазмұн, тақырып жағынан тақпақтармен үндескенмен, композициялық құрылымы, орындалу мәнерi жағынан олардан ерекшеленедi.


Сұрамақтар диалогқа құрылып, екi баланың кезектесiп айтуына ыңғайлы болып келедi, бiрақ кезектесiп орындау мiндеттi емес оны бала жеке де орындай бередi. Сұрамақтардың тағы бiр ерекшелiгi табиғат құбылыстарымен, жан-жануарлармен адам ретiнде тiлдесу болып табылады. Бұған қарағанда сұрамақтардың шығу тегiнiң тым тереңде екендiгiн байқаймыз. Оның түп негiзi адамзаттың ерте дәуiрдегi әр заттың бойында өзiнше жан бар деген анимистiк ұғымға қарай тартады. Қарқ-қарқ қарғалар, Қар үстiнде жорғалар. – Жорғалар деп кiм айтар? – Аң аулаған аңшы айтар. – Аңшы айтар деп кiм айтар? – Мал қайырған малшы айтар, – Малшы айтар деп кiм айтар? – Сортаңдағы түйе айтар, – деп тiзбектеле айтылатын сұрамақтардың iшкi құрылымы да қызғылықты. Мұнда әрбiр жолдағы ең соңғы сөз, келесi жолдың басында қайталанып келiп өзгеше бiр ассоциация құрайды. Сол сияқты бiр сөзi ғана өзгерiп келiп отыратын қайталама сауалдар да өлеңге әр берiп отырады. Сондай-ақ : – Ауылым қайда? – Асқар тауда. – Қойың қайда? – Қошқар тауда – Қойың не жейдi? – Жусан жейдi. – Не тышады? – Май тышады, – деген қарапайым түрлерi де бар. Сұрамақтардың өлең құрылысы да жалпы балалар өлеңдерiне лайық ойнақы, жеңiл, шымыр ұйқасқа құрылады. Мәселен, тақпақтардағы сияқты толымды ұйқастар («балпақ-жалпақ-талпақ») сұрамақтарға да тән. Сондай-ақ «Аң аулаған аңшы айтар, мал қайырған малшы айтар» деп келетiн тiлдесулер алма-кезек қайталанып келiп шығармаға жан бiтiрiп отырады. Әрине «Асқар тауда», «Қошқар тауда» деп келетiн ұйқас үшiн қиыстырылатын жолдар да жоқ емес. Сонымен бiрге сұрамақтың айтыс түрiнде келетiн өзгеше қызық формасы да бар. Мысалы (Қой мен ешкiнiң айтысы) Ешкi : Менiң жегенiм жантақ, Сенiң жегенiң жантақ, Сенiң құйрығың неден жалпақ? Қой: Менiң жегенiм ошаған, Сенiң жегенiң ошаған, Сенiң құйрығың неден шошайған? «Сұрау – жауап түрiнде айтылатын балалар өлеңдерi түркi халықтары фольклорының бәрiнде бар. Мұндайда баланы түлкi, қоян, мысық, күшiк деп ат қойып атау дәстүрi кең тараған», – деп жазады Б.Уақатов. Егер фольклорлық жинақтарға көз салсақ, бұл форманың тек түркi тектес халықтарға ғана емес, жалпы әлем балаларының барлығына ортақ екендiгiн байқаймыз. Бұл оның жалпы балалар психологиясына ортақ табиғи қажеттiлiк өтеуiнен туған өмiршең фольклорлық жанр екендiгiнiң дәлелi. Сұрамақтар балалар репертуарына осындай дәстүрден келiп дарыған болуы керек. Сұрамақтардың формалық ерекшелiктерi де сол ересектер фольклорындағы диалогтарға ұқсас келiп отырады. Мысалы: – Бақа, бақа, балпақ, Басың неге жалпақ? Көзiң неге тостақ?, Бұтың неге талтақ – Темiр-терсек көп киiп, Басым содан жалпақ. Қырдан қарауыл көп қарап, Көзiм содан тостақ. Жайдақ атқа көп мiнiп, Бұтым содан талтақ, деген сияқты сұрақты түйдектете қойып барып, топтап жауап беру дәстүрi оған айқын мысал бола алады.<ref>Кенжехан Ісләмжанұлы. Рухани уыз. Алматы, 2008.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}