Сұн Зы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Writer
Үлгі:ChineseText

Сұн Зы (Үлгі:Zh-cp) («Сұн ұстаз») — Сұн Ву («Sūn Wǔ») атты кісіге берілген құрмет тілдіретін атақ (; 544 ЗБ  — 496 ЗБ), Соғыс өнері атты кітаптың авторы. Бұл кітап ежелгі Қытайда жазылып, әскери стратегияға ерекше зор ықпал жасаған. Сонымен бірге ол халықаралық қатынастар теориясындағы реализм бағытын алға тартқан ең алғашқылардың бірі.

Сұн Вудың жеке есімін білдіретін және «әскери» деген мағынаға ие wu таңбасы «ушу», яғни қытайдың жекпе-жек өнерінің атындағы таңбалардың бірі болып табылады. Сұн Вудың сонымен бірге «Чаң Циң» деген (Үлгі:Lang; Cháng Qīng) балама аты да бар.

Тарихи тұлға

Сұн Зының өмірі туралы деректің жалғыз көзі — б.з.д. 2-ші ғасырда өмір сүрген тарихшы Сыма Цянның жазбалары. Оның айтуынша, Сұн Зы — б.з.д. 6-шы ғасырда Ву мемлекетінде өмір сүрген әскери қолбасшы болатын. Яғни ол ежелгі Қытайдың ең кемеңгер ойшылдарының бірі — Кұң Фузымен бір уақытта өмір сүрген. Аңыздардаайтылғандай, Сұн Зы ши тобының мүшесі болған. Бұндағы «ши» дегеніміз —Көктем және күз жылнамалары кезеңінде болған бірігудің нәтижесінде жерінен айырылған қытайдың жерсіз ақсүйектерінің ұрпағы. Бірақ «шилердің» көбі кезбе ғалымдар ретінде қызмет етсе, Сұн Зы жалдамалы әскери (яғни қазіргі әскери кеңесшіге ұқсас) болып қызмет атқарған. Аңыз бойынша, ол өзінің атақты әскери шығармасын бітіргеннен кейін шамамен б.з.д. 512 жылы Ву патшасы Һелү оны өзінің қызметіне алады. Қазір «Соғыс өнері» деген атпен белгілі шығарма ол кездері Сұн Зы деп аталған болатын — ол замандарда Қытайды (Цин дәулетіне дейін) кітапты оның авторының атымен атау үйреншікті іс болатын. Сыма Цянның айтуынша, Сұн Зы өзінің әскери қолбасшылық өнерін ешбір әскери дайындық көрмеген әйелдерді жинап, олардан соғысқа сақадай сай әскери қосын дайындап шығаруы арқылы көрсетті. Ал ол қосынның қолбасшылары етіп Һелүдің өзінің тоқалдарын тағайындапты. Алайда Сұн Зы оларға бұйрық берген сайын олар қиқылдап күлетін немесе берілген бұйрықты қалай болса солай орындайтын. Екі реттен кейін Сұн Зы сол тоқалдардың екеуін әскери заң бойынша өлім жазасына бұйырғаннан кейін ғана тоқалдар оның берген бұйрығын екі еткізбейтін болыпты. Ол Ву патшасының қызметіне кірген соң жартылай тағы болып саналған Ву патшалығы Көктем және күз кезеңінің ең қуатты патшалықтарының бірі Чу мемлекетін жаулап алуы арқылы өз заманының ең қуатты патшалығына айналды. Һелү патша Чу мемлекетін жаулап алып болғаннан кейін, әрқашан тыныш та бейбіт өмірді аңсаған Сұн Зы аяқ астынан жоқ болып кетеді. Сондықтан оның нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз.

Атақты еңбегі

Қытай тілінде оның еңбегі қазір «Сұнзы биңфа» (孫子兵法) деп аталады. Бұндағы Сұнзы деген — автордың аты-жөні, ал «биңфа» дегенімізді «қарулы күшті қолданудың заңы»<ref>J H Huang, Sun Tzu The New Translation, 1993</ref>, «әскери әдіс-тәсіл» немесе «жекпе-жек өнері» деп аударуға болады.

Алайда сингапурлық жазушы Уи Чоуһоу өзінің Sun Zi Binga — Selected Insights and Applications ("Сұн Зы Биңфа: Кейбір түсіндірмелер және қолданулар) деген кітабында ол атауды тікелей аударудың дұрыс еместігін, себебі онда шайқастарды қолдау туралфы ештеңе айтылмайды, онда айтылатыны тек соғыс кезеңінде қолға алынуға тиісті шаралар туралы айтылады деген ойды айтады.

Тарихилығы

Сұн Зының тарихта болған-болмағандығы туралы мәселені Лайонел Гилес «Соғыс өнері» кітабының жаңа аудармасына кіріспеде егжей-тегжейлі қарастырады

Сурет:Inscribed bamboo-slips of Art of War.jpg
СунЦзының соғыс өнері кітабының жұрнағы

1972 жылы Шандуң өлкесіндегі Линіи қаласының маңындағы бір қабірден «Соғыс өнері» кітабының бамбук тақтайларға ойылып жазылған бір нұсқасы табылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Соның арқасында кітаптың бұрыннан белгілі бөліктері расталып, оның бұрын белгісіз болған бөліктері табылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол нұсқа шамамен б.з.д. 134-118 жылдары жазылғандығы анықталып<ref>Үлгі:Cite web</ref>, оның кейьір бөліктері Сұн Зының заманынан көп кейін жазылған деген болжам жоққа шығарылды.

«Соғыс өнері» тарихтағы ең танымал әскери оқулықтардың бірі болған. Ежелгі Қытайда бұл кітап мемлекеттік қызметке кіргенде тапсыратын емтихандардың маңызды бөлігі болған. Ол қытай әдебиетінің маңызды шығармаларының бірі де болып табылады. Соғыс кезінде Мау Зыдоң мен Сталин бұл кітапты оқыған деген деректер бар.

Қытайдың соғыс өнеріне қатысты тағы бір атақты кітабы —әйгілі "Отыз алты айла" кітабы Сун Цзының соғыс өнері кітабына мұқият талдау жасаудың жемісі екені байқалады.

Түсініктемелер

Үлгі:Reflist

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер