Сұлтан епе жер асты мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұлтан епе жер асты мешіті – діни сәулет өнері ескерткіші. Форт-Шевченко қаласының солтүстік-шығыс жағынан 57 км жерде, Сарытас шығанағына таяу, Сұлтан епе сайының Жоғарғы. жағында орналасқан. Сайдың Жоғарғы. жағынан ойып жасалған мешіт бір-біріне жалғасқан 11 бөлмеден тұрады. Мешіттің шығыс беткейіндегі баспалдақ төбесі тас бағандармен бекітілген орталық бөлмеге апарады, бөлмелердің төбесінен жарық түсіру үшін ойықтар жасалған. Сол жердегі қорымда сырық ағаштары шаншылған екі дөңгелек тас қоршаудың ортасындағысы Сұлтан епенің зираты болып табылады. Ел аузында сақталған аңыз бойынша Сұлтан епе кезінде Маңғыстауға келген Қожа Ахмет Иасауидің шәкірттерінің бірі ретінде аталады; ал тарихи деректерге жүгінсек, шамамен 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген Құл Сүлейменнің (Хәкім атаның) баласы делінеді. Оның есімі ел ішінде «Баһрғани» жазбасының иесі және су апатынан сақтаушы ретінде белгілі болған. Адамдар «Сұлтан епе сақтай гөр пендеңді су апатынан» деп сиынған және күн күркірегенде де осы адамның атын атайтын болған. Мешітке тазалау жұмыстары (1980, 2003) жүргізілген; жер асты мешіті (1982) мен ол орналасқан табиғи сай (1993) жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сұлтан епе жер асты мешіті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}