Сұлтанмахмұт Жантөрин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұлтанмахмұт Жантөрин (1837 жыл — шамамен, 1882 жыл) — сұлтан, этнограф, Арыстан Жантөриннің кіші інісі.

  • 1849 жылы қазақ балаларының алғашқы тобымен бірге Орынбор кадет корпусына оқуға қабылданып, 1857 жылы бітіріп шығады.
  • Орынбор қазақтарының облыс басқармасында қызмет істеген.
  • Жәңгір ханның Хадиша деген қызына үйленген.
  • 1869 жылы Торғай облысы басқармасының ерекше тапсырма бөлімінде кіші шенеунік қызметін атқарған.
  • 1876 жылы Санкт-Петербургте шығыстанушылардың дүниежүзілік конгресінің ашылуына байланысты көрмеге арнап қазақтардың материалдық мәдениеті туралы экспонаттар жинайды. Осы мақсатпен Торғай облысының біраз ауылдарын аралайды. Кейін қаражат тапшылығынан жинаған экспонаттарын белгіленген жеріне жеткізе алмайды. Жантөрин өзі жинаған қазақ әндері мен халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін жарыққа шығарды.
  • 1882 жылы Александр ІІІ-нің патша тағына отыруына орай Мәскеу мен Санкт-Петербургке барып қайтады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}