Сұлтанбек Ешмұхамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ешмұхамбетов Сұлтанбек (18.1.1945 жылы туған, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы) — ғалым, медицина ғылымының докторы (1998), профессор(1999), ҚР-ның бас балалар хирургы (2000), Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1998).

1964 ж. Көктал ауылы орта мектебі, 1970 ж. Алматы медицина институтын, 1978 ж. КСРО Медицина ғылыми академияның (Мәскеу) аспирантурасын бітірген. 1972-75 ж. Алматы облыстық балалар ауруханасында хирург, 1978-79 ж. Алматы қалалық 1-клиникалық балалар ауруханасында уролог болды. 1970 жылдан С. Аспандияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ұстаздық етеді. Негізгі ғылыми еңбектері - "Балалардың несеп жолдарындағы туа бітті кеселдерді емдеп-жазудың клиникалық-патогендік негіздерін" зерттеуге арналған. 270-тен аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 2 монографиясы жарияланған. 1995 ж. "Балалар урологиясы" атты оқулығы үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әбу Әли ибн Сина атындағы сыйлығына ие болды.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сұлтанбек Ешмұхамбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}