Сүтбұлақ мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мұздық Сүтбұлақ мұздығы – Күнгей Алатауының солтүстік беткейіндегі қазаншұңқыр пішінді мұздық. Мұздықтан Шіліктің оң саласы – Сүтбұлақ өзені басталады.
Аумағы
Мұздықтың ұзындығы 4,0 км, ашық жері 3,6 км. Жалпы ауданы 6,4 км2, мұзқар (фирн) алаңы 2,6 км2, ашық жатқан тілі 3,5 км2, борпылдақ жыныстар жапқан бөлігі 0,3 км2. Мұздықтың орташа қалыңдығы 70 м шамасында, көлемі 0,44 км3.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>