Сүлеймен Әдаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүлеймен Әдаханов (1911-1943), партия, кеңес қызметкері. Жаңаарқаның түлегі. Шымкент қаласыңдағы 2 жылдық Қаржы қызметкерлері мектебін (1931), Ақмола қаласындағы Комвузды (1936) бітірген. Аудандық «Лениндік жол» газетінің (1939 ж. ашылған) тұңғыш редакторы, 1932 жылғы аштық кезінде аудан орталығында қалып, ел іргесінің сөгілмеуі жағында болған, аш-жалаңаштарды аман алып қалу үшін белсеңді қызмет жасаған азамат. 1931-39 ж. Сарысу ауданында қаржы бөлімінің меңгерушісі, аудандық милиция бөлімінің бастығы, Жаңаарқа аудандық кеңес аткомы төрағасының бірінші орынбасары, 1942 жылдан аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Өз ісіне адал, ерекше іскерлігімен, адамгершілік биік парасатымен Әдахановтың есімі ел аузында қалды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}