Сүйіндік (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына СүйіндікАтырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің орталығы. Аудан орталығы – Ганюшкин аулынан солтүстік-батысқа қарай 340 км жерде, Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс жағында орналасқан.

Іргесі 1957 жылы тың жерлерді игеру кезінде ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде қаланған. 1957 – 1996 жылдары асыл тұқымды қой өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған.

1996 жылы кеңшар негізінде Сүйіндікте және округтегі Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан, Үштаған ауылдарында “Сүйіндік” АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Халқы

Тұрғыны 2113 адам (2009).<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері Үлгі:Kz-geo-stub