Сүйретпе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүйретпеқымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған, мал терісінен тігілетін ыдыс. Сүйретпе ірі қарашық терісінен де, ешкінің терісінен де тігіле-ді. Оны тігетің терінің көк еті мен шел майын тазалап, түгін қырады. Содан кейін түтінге ұстап ыстайды. Ыс әбден сіңген соң су бүркіп жібітіп, белгілі бір пішінге келтіріп пішеді. Сүйретпенің пішіні негізінен саба және дөңгелек торсық тәрізді болып келеді. Оны шуда жіппен сыртынан жөрмеп тігеді. Тігілген сүйретпенің ішіне құм не құрғақ топырақ салып кереді. Ол әбден қалыпқа түсіп, кепкен-нен кейін ішін тазалап жуады да, қайта ыстайды. Одан соң ішін тағы бір рет тазалап жуып, іші-сыртын қойдың құйрық майымен не жылқының майымен майлайды. Ол әрі местің, әрі сабаның міндетін атқара алады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сүйретпе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}