Сіләмбек Қыдыралин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қыдыралин Сіләмбек (20.10.1908, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы — 27.2.1983, Семей қаласы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1954). 1934 ж. Семейде ұйымдасқан облысы қазақ драма театрының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Қазақ музыкалы драма театры) актерлер труппасына қабылданады. Қыдыралин театр сахнасында Кебек, Еспембет, Қобыланды, Абай (М.Әуезов, “Еңлік — Кебек”, “Қарақыпшақ Қобыланды” және Л.С. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” спектаклінде), Тарғын, Бекежан (Е.Г. Брусиловский, “Ер Тарғын” мен “Қыз Жібек”), Балуан (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері — Ақтоқты”), Шораяқ (Ш.Хұсайынов, “Алдар көсе”), т.б. рөлдерді орындап, актерлік шеберлігін танытты. “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала