Сібір балқарағайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сібір балқарағайы (Lárix sіbіrіca) (Қарағайлар тұқымдасы) - Оңтүстік Алтай мен Сауыр орманының негізін құраушы. Ағаш биіктігі 30 м, кең пирамидалы басты және қоңыр күрең сызатты қабықты. Басқа қылқан жапырақтылардан айырмашылығы мәңгі жасыл емес және қылқаны түсіп қалады. Мамыр-маусымда гүлдейді. Тозаң масақшалары әрең байқалады. Қыркүйек-қазанда пісіп, ашық күрең қоңыр және ашық сары түске өзгереді. Қанатты тұқым күзде шашылады, желмен таралады. Балқарағайдың тіршілік ету мүмкіндігі 500 жыл. Топырақ түріне, ауаның газбен ластануына, ыстануына аса мән бермейтіндіктен қаланы көгалдандыруда өте жоғары бағаланады. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>