Сықырлауық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gorskii 04412u.jpg
Түркмендердің киіз үйі

Сықырлауық<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref> – киіз үйдің ішкі жағынан жабылатын екі бөлек тақтай есік. Ол өте сәнді табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ұласымды өрнектермен оймышталып, есік нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен немесе металмен қапталады, бел ортасынан ашылып-жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Екі таянышқа көкпен немесе шот ілмек арқылы ұстастырылғандықтан ашып-жапқанда сықырлап тұрады. Сықырлауықты көздеп, оймалап, сүйектеп, бояп жасайды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>


Сықырлауық – Киіз үй есігінің ағаштан жасалған маңдайша мен табалдырыққа ергенек арқылы айналмалы (шарнирлі) жалғасатын, екі жарылып ашылатын есігі.<ref>Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0</ref>


Тағы қараңыз

Есік (қазақ үй)

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сықырлауық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}