Сығандар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Ethnic group

ЦЫГАНДАР (өзд. атауы рома — адамдар), сығандар — халық (тегі мен тілі ортақ этн. топ). Үндіжерортатеңіздік нәсілге жатады. Бірнеше диалектіден құралған цыган тілінде сөйлейді. Тілі санскритке де, бірқатар жаңа үнді тілдеріне де жақындығын сақтаған. Әр түрлі халықтар сығандарды түрліше атайды. Жалпы саны шамамен 7 млн-дай адам (2005). Сығандар өздері тұрып жатқан мемлекеттің дінін қабылдай салады, қоныс аударғанда қажет болса дінін де жиі өзгертіп отырады. Тарихы мен шығу тегі аса күрделі. Ғалымдардың көпшілігі сығандардың арғы тегі Үндістаннан шыққан, олар 1-мыңжылдықта қалыптаса бастаған деп есептейді. Алғашқыда олар Иран мен Мысырда, кейіннен Византияның шығысында ұзақ уақыт тұрақтап тұрған. 2-мыңжылдықтың бас кезінде Балкан түбегі мен Солт. Африкаға жылжып, 13 — 15 ғ-ларда Орт. және Шығыс Еуропаға, кейіннен Солт. және Оңт. Америка мен Австралияға (19 ғ.) жеткен. Бастапқыда Еуропа елдері Ц-ды жақсы қабылдағанымен, біраз уақыттардан кейін оларды қаңғыбас, қайыр-садақа сұраушы ретінде қудалай бастады. 18 ғ-дың соңына қарай Еуропаның бірқатар елдері Ц-ды шеттетуді біршама тоқтатты. Осы кездері халықтың көшпелі, отырықшы және жартылай көшпелі болып бөлінуі жүріп жатты. Дегенмен, бүкіл әлем, Ц-ды көшпелі халық ретінде біледі. Олар белгілі бір аумақта көшіп жүреді, қандас туыстардан не болмаса басқа ру өкілдерінен құралған таборға бірігеді, оны вайда (немесе сагибо-скиро) басқарады. Вайда көшіп жүрген мемлекеттегі Ц-дың ресми өкілі, ол сонымен қатар ішкі қақтығыс, дау-дамайларды реттеп отырады. Онымен бірге табордағы бәйбіше әйелдің де ықпалы күшті. Табордың вайда билігімен жұмсалатын қоғамдық кассасы болады. Ц. әйелдерінің бас билігі жоқ.

Ол әкесіне, кейін күйеуіне сөзсіз бағынуға міндетті, отбасын асырау да соның мойнында. Әлі күнге дейін кейбір топтары алыпсатарлықпен, әйелдер бал ашумен, қайыр-садақа. Жер шарының барлық құрлықтарына таралған. Антропол. жағынан сұраумен айналысады. Қазіргі таңда көшпелі өмір салтын ұстанатын Ц. азая бастаған.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}