Сырғабаев Райымберді
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сырғабаев Райымберді Байсеркеұлы (1902, Жамбыл ауданы, Қостөбе ауылы – 1954, Талдықорған қаласы) – қоғам қайраткері. 1918 – 22 жылы ауылдық мектептің оқушысы; 1922 – 28 жылы комсомол және кеңес қызметінде; 1929 – 31 жылы Қызылорда өлкелік кеңес-партия мектебінің тыңдаушысы; 1931 – 35 жылы Жетісуда – Қордай және Талдықорған ауданында ауыл шаруашылығы мекемелерінің бастығы; 1936 – 37 жылы Қазақстан халықтық жер комиссариаты Алматы облысы жер бөлімінің бастығы. 1937 жылы «халық жауы» ретінде жазаға ұшырап, 2- дүниежүзілік соғыс басталардың алдында ақталып шықты. Соғысқа оның басталған алғашқы кезеңінен бастап қатысып, полк комиссары болды. 1943 жылы ауыр жарақат алғаннан кейін, елге оралады. Емделуден өткеннен кейін, Талдықорған облысы атқару комитетіті төрағасының орынбасары, аудандық атқару комитеттерінің төрағасы қызметтерін атқарды. Бірнеше жауынгерлік және еңбек наградаларымен марапатталған.
Сілтеме
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сырғабаев Райымберді|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}