Сырттай шахмат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сырттай шахмат, ойнаушылар байланыс жүйесі бар жер шарының кез келген нүктесінде тұрып жүрістерді жауып бір-бірлеріне хабарласу арқылы ойнай алады. Бұрын С.Ш. ойнау хат жазысу арқылы өтеді екен. Казіргі кезде телеграф, радио, телефон, факс, телефакс, интернет арқылы байланысуға мүмкіндіктер бар.

Қазақстандағы сырттай шахмат, XX ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап дами бастады. Омбы - Верный, Пішкек - Верный қалаларының арасында телеграф арқылы ойындар өткендігі туралы мәліметтер бар. 1957 ж. қарт ш-тшы Д. Руссоның бастауымен респ-лық "С" ерікті спорт қоғамының хат арқылы жарысы өтті. С. Ш-т ойнаудан алғашқы ч-т 1958 ж. ұйымдастырылды. Мұны өткізген К.Сивирцев. Осыдан кейін қатарынан 11 ч-т өтті. Респ. Ч-ны атағына К. Сивирцев, Ш. Гилезитдинов, В. Долгих, А. Лим, И. Вахеров, А. Васильев, К. Кунц, В. Михайлов, А. Секов және А. Сәндібековтар ие болды. Әйелдер арасындағы ч-ттардағы алғашқы ч-ндардың есімдері В. Федорова, Р. Иванова, Г. Айпанова және Т. Гудовалар. 1978 ж. хат жазысу арқылы Қ-нның қалалары арасындағы командалық жарыстар өтті. Мұнда екі рет Алматы қаласының, бір бірден Қостанай, Маңғыстау, Ақмола облыстарының командалары жеңіске жетті. С. Ш-тан КСРО-ның к-далық ч-аты да өтті. Құрамында А. Уфимцев, А. Васильев, Р. Маркарян және С. Федоровалар бар респ-ның командасы ч-тың финалына шықты. Сол сияқты Молдавияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ленинград қалаларының к-даларымен С. Ш-т ойнаудан жолдастық кездесулер өтті. Тіпті алыстағы шет мемлекеттердің ш-тшыларымен байланыс жасауға талпыныстар болды. Осындай мақсатпен алматылық шахматшылар Уэльстің (Англия), Венгрияның, Силезияның (Польша) ойыншыларымен хат арқылы сырттай кездесулер өтті. Тіпті 1988 ж. Алматыда С. Ш-т ойнау туралы халықар. конференция да өтті. 1997 ж. ш-ттан респ-лық бірлестік ұйымдастырылып ҚР-ның өкілдері 2004 ж. Үндістанда өткен с.ш-т жөніндегі Бүкілдүниежүзілік тұңғыш конгреске қатысты.

<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сырттай шахмат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}