Сынғақ итшомырт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сынғақ итшомырт, сынғақ қаражеміс (Үлгі:Lang-la) - қаражемістер тұқымдасы итшомырт немесе қаражеміс туысына жататын тікенексіз, бұталы өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 3 м-ге дейін жетеді.
  • Қабығы жылтыр, жас бұтақтарының қабығы қызыл, әр жерінде ағарған дақтары бар.
  • Эллипс тәрізді сопақша, кезектесіп орналасқан ұзын сағақты жапырақтарының ұштары сүйір, шеттері бүтін.
  • Гүлдері майда, көкшіл түсті, жалпақтау дөңгелек екі сүйекше. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Қыркүйекте жеміс береді.

Өсетін жері

Сынғақ итшомырт орманның шеттерінде, бұталардың арасында өседі. Далалы аймақтарда тек жыраларда және сайларда ғана кездеседі.

Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы

Құрамында антраглюкозидтер, франгулин, эмодин, антракол, рамнустоксин, шайыр, эфир майлары, сапониндер бар.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жас бұтақтарының қабығын ерте көктемде жапырақтары бүршік жара бастағанда жинап алады. Халық медицинасында сынғақ итшомыртты іш жүрмей қалғанда, ішек түйіліп ауырғанда және тік ішектің шеті жарылғанда, геморрой ауруына байналысты үлкен дәретті сұйылтып шығару қажет болғанда пайдаланылады. Сонымен қатар өсімдіктің қабығын халық арасында шемен ауруын, бауыр ауруларын емдеу үшін және ішек құрттарын түсіру үшін де пайдаланады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер