Сынау, сынақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Біріктірілсін Сынау, сынақ (Испытание) - материалдардың қасиетін анықтау.
- Берiктiкке сынау (Испытание на прочность) — созу өдісімен материалдарды (дайындаманы) қиратып механикалық сынау.
- Июге сынау (Испытание на изгиб) — дайындаманың бойлық өсуіне бұрышпен күшті бағыттап материалды деформациялаудан тұратын сынау.
- Қажуға сынау (Испытание на усталость) — қайталанғыш құбылмалы кернеудің белгілі бір цикл санымен материалға күш түсіруден тұратын механикалық сынау.
- Қиыққа сынау (Испытание на срез) — ығысу деформациясын қолданып, материалды механикалық сынау.
- Қысуға сынау (Испытание на сжатие) — қысу күшімен материалды деформациялаудан тұратын механикалық сынау.
- Созылуға сынау (Испытание на растяжение) — созу күшімен материалды деформациялаудан тұратын механикалық сынау.
- Соққыға сынау (Испытание на удар) — соққымен ию әдісімен материалды қиратып механикалық сынау.
- Сынау үлгiлiгi (Образец для испытания) — тәжірибе жасалынатын арнайы сынама, бұйым немесе оның бөлімі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:
Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6</ref>
- Жетілдіре сынау - берілген деңгейге дейін сапалық көрсеткішті көтеру процесінде енгізілетін өзгерістердің әсер етуін тексеру ұшін өткізілетін сынаулар.
- Жолдық сынау - жолды жерде, кейде жолсыз жерде көлік кұралының жүру кезінде өткізілетін сынау.
- Иммитациялық, еліктете сынау - көлік кұралының кез келген бөлшегін немесе қандай да болмасын әсер етуді жасанды құрасытыру арқылы өткізілетін қондырғыда сынау.
- Зерттеу сынау - құрастырылып жатқан өнімнің параметрлерін, сызбаларын, жинақталуын таңдап алу бойынша қабылданатын шешімді негіздеуге мәліметтерді жинау мақсатында өткізілетін сынаулар.
- Зертханалық сынау - көлік кұралын зертханалық жағдайда арнайы бағдарлама бойынша сынаудан өткізу.
- Әдеттегі ресурстік сынау - әдеттегі жағдайда өткізілетін ресурстік сынаулар.
- Мерзімділік сынау - белгілі мерзім аралығында сериялық өнімнің сапасын бақылау үшін өткізілетін сынаулар.
- Қыр далада сынау - ауылшаруашылық жұмыстарын орындау кезінде өткізілетін тракторлардың сынауы.
- Полигонда сынау - полигонда өткізілетін сынаулар.
- Алдын ала өткізетін сынау - тәжірибелік үлгілерде жетілген нәтижені бақылау мақсатында өткізілетін сынаулар.
- Қабылдап-тапсыра сынау - сериялық немесе жөнделген үлгілерді өндіруге, жөндеуге немесе тұтынушыға жеткізуге техникалық талаптарға сәйкес келетініне сынау.
- Қондырғада сынау - зертханалық жағдайда арнайы стендте келік құралының жұйелері мен жеке агрегаттарын сынаудан өткізу.
- Жеделдетілген ресурстық сынау - аз жүктемемен жұмыс режимін шығару нәтижесінде сынау мерзімін көп есе қысқартатын, арнайы бағдарлама бойынша өткізілетін ресурстік сынаулар.
- Қызметтік сынау - көлік құралының қызметтік қасиетгерін анықтау және олардың техникалық талаптарға сай келетінін орнату үшін өткізілетін сынаулар.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>
Дереккөздер
<references/>