Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шеңбер бойымен қозғалыс кезінде қозғалыстың траекториясы да шеңбер болатыны белгілі. Нүктенің орнын қозғалыс басталғаннан бастап, оның шеңбер доғасы бойымен жүрген жолы арқылы да анықтайды. Шын мәнінде, кез келген физикалық дене сансыз көп нүктелерден тұрады. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде әрбір нүктенің жылдамдығы бірдей болады және олар бірдей аралықты жүріп өтеді. Ал қозғалыс кисықсызықты болған жағдайда, бірдей уақыт ішінде сыртқы нүктелер ішкі нүктелерге қарағанда көбірек жол жүреді. Демек, әр нүктенің орнын, орын ауыстыруын және әр нүктенің жылдамдығын білу керек болады. Бұл, әрине, қиын мәселе. Дегенмен қозғалыс тағы нүктенің орын ауыстыруын сипаттау үшін оның бастапқы орны мен t уақыттан кейінгі орнына сөйкес келетін радиустар арасындағы φ бұрыш ты пайдаланатын болсақ, мәселе оңай шешіледі.

Басқаша айтқанда, А нүктесінің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда, оны шеңбер центрімен қосатын R радиустың φ бұрылу бұрышымен сипаттау ыңғайлы болып келеді.

Механикада бұрылу бұрышын радианмен өлшеу келісілген. Радиан — ɭ доғасының щындығы R радиусына тең болатын φ центрлік бұрыш. Бұрылу бұрышының уақыт өтуімен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипаттайды.
Сурет:For11.JPG

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Бұрылу бұрышы φ әрпімен белгіленеді.
Сурет:For22.JPG

Дененің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда, дененің түзусызықты қозғалысын сипаттайтын жылдамдық та колданыла береді. Бірақ дененің шеңбер бойымен қозғалысы жағдайында оны сызықтық жылдамдық деп атау келісілген.
Сурет:For33.JPG Сурет:For44.JPG

Бұрыштық жылдамдық пен сызықтық жылдамдықтың жоғарыда алынған формулалары есеп шығару кезінде жиі колданылады.<ref>Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. ISBN 9965-36-700-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Phys-stub