Сызбанұсқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сызбанұсқа - табиғи геологиялық нысанның кішірейтілген масштабта және шартты белгілер арқылы қағаз бетіне түсірілген көлбеу бағыттағы кескіні.

Гипсометрлік сызбанұсқа

Жер қыртысы қимасының зерттеушіге қажетті нақтылы жазықтығын (тау жынысы яки кен қабатының немесе сулы қойнауқаттың табаны яки жабыны, т.с.с.) изогипсалар көмегімен қағаз бетінде кескіндеу. Бұл сызбанұсқаға қосымша ретінде әдетте геологиялық барлау қазындыларының орны және олардың ернеуі мен ұңғысының нақты биіктік көрсеткіштері келтіріледі.

Эргоризонттық сызбанұсқа

Кенорынның геологиялық құрылыс ерекшеліктерін оның әр түрлі деңгейлердегі геологиялық қимасы тұрғысынан ашып көрсететін сызба кескіндер жиынтығы; тау қазындыларының және бұрғылау ұңғымасының көмегімен алынған мәліметтер негізінде жасақталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}cs:Plán (rozcestník) da:Plan de:Plan en:Plan (disambiguation) es:Plan (desambiguación) fr:Plan hr:Plan it:Plan lt:Planas nl:Plan pl:Plan ro:Plan (dezambiguizare) sr:План sv:Plan tr:Plan (anlam ayrımı) uk:План