Съез ашу мәселесі жөніндегі хаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Съез ашу мәселесі жөніндегі хаттар - XX ғасырдың басында қазақ зиялылары көтерген мәселелердің бірі - съез ашу мәселесі. Съез ашу жөнінде Қазақ газетінде, Айқап журналында бірқатар мақала сипатындағы хаттар жарық көрді. Олардың ішінде Ж.Сейдалиннің «Азып-тозып кетпеске не амал бар?», «Бас қосу. Бас қосуға рұқсат берілмепті», «Тағы да съез хақында», Ә.Бөкейханның «Жиһанша Әлмұхамедұлы Сейдалинге», «Жауап хат», «Ашык хат», А.Байтұрсынұлының «Жауап хат. Құрметті Жанша, Жиһанша Мырза!», М.Дулатовтың «Бас қосу туралы», Б.Сырттановтың «Сүйікті Жаһанша Мырза!», Е.Қасаболатовтың «Бас қосу турасында бір-екі ауыз сөз» хаттарын айтуға болады. Бұл хаттарда қазақ оқығандарының басын қосып, ел қамын ойлау мәселелері көтерілді. Съез ашу мәселесінде сол тұстағы зиялы кауымға ой тастаған Ж.Сейдалиннің еңбегін арнайы атап өткен жөн. Бұл хаттар қазақ зиялыларының басын қосуға, съез ашуды күн тәртібіне қоюға өзіндік үлкен ықпал жасады.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Съез ашу мәселесі жөніндегі хаттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}