Су элеваторы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Су элеваторы (Гидроэлеватор; грек, hydor — су және элеватор) — сұйықтық пен су қоспаларын айдайтын және жоғары көтеретін ағыншалық сорғы. Ол сопло, араластыру камерасы, диффузордан құралады. Су элеваторының жұмысы соплоға қысыммен келтірілген сұйықтық ағыншасының қуатын пайдалануға негізделген. Су бұл соплодан үлкен жылдамдықпен ағып шыққан кезде қысымы кенет азаяды. Осының салдарынан араластыру камерасына тасымалданатын материал енеді де, су ағынымен араласып, диффузорға жеткізіледі. Онда қоспаның жылдамдығы кемиді де, судың қысымы артады (су ағынының кинетикалық энергиясының біразы әлеуеттік энергияға ауысады). Сол себепті қоспа құбырлар арқылы әрі қарай қозғалады (көтеріледі). Су элеваторы — қарапайым құрал. Оның ПӘК 20-25%-дан аспайды, су қоспаларын біраз қашықтыққа (бірнеше жүз м-ге дейін) жеткізу үшін кен және құрылыс жұмыстарын гидромеханикаландыру, байыту фабрикаларын өндіріс қалдықтарынан тазарту, құм, қиыршық тас тасымалдау және т.б. пайдаланылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Су элеваторы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}