Су түбі бедер пішіндерінің жіктемесі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Су түбі бедер пішіндерінің жіктемесі<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> — генезисі мен дамуының бірлігіне негізделген су асты бедер пішіндерінің заңдылық жүйесі. Су асты бедер пішіндері эндогендік (тектоникалық, вулкандық) және экзогендік (абразиялык, эрозиялык, шөгінді-аккумуляциялык, жылжымалық, мұздықтық биогендік, хемогендік) типтерге бөлінеді. Эндогендік пішіндер геотектуралар, бедер жасайды, ал экзогендіктер —морфомүсіндер, олардың ішінде ерекше (субаэралық, су астында қалған өзен аңғарлары) жұрнақ пішіндер жасайды.
Дереккөздер
<references/>