Сухамбаев Ағәділ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сухамбаев Ағәділ (1920, Байзақ ауданы – 1944) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін, қолхозда жұмыс істеді. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. 174-Борисовск Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 628-Гродненск Қызыл тулы полкіндегі 1-батальон құрамында болды. Сухамбаев Белоруссияны, Литваны, Польшаны азат ету үшін болған шайқастарға қатысты. «Стжельцовизна» деп аталатын поляк деревнясы үшін болған ұрыста ол Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулемет оқ шашқан доттың амбразурасын өз денесімен жапты. Туған колхозы, оқыған мектебі Сухамбаев есімімен аталып, орталығында Батырға ескерткіш орнатылған.

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала