Сухаева Дариға Әубәкірқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сухаева Дариға Әубәкірқызы —баспагер, әдіскер, химия ғылымының кандидаты (1995 жылы) 1959 жылы 22 сәуірде Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы, Үштөбе қаласында туған. <ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 жылы ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1981 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген.

1995 жылға дейін қазақ ұлттық университетінде ғылыми қызметкер болып істеді. 1996 жылдан бастап Д.Сухаева Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында оқулықтар зертханасының меңгерушісі, содан соң қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулықтар бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

Жаңа буын оқулықтарының қолданысқа енуіне көп еңбек сіңірді. 2001 жылдан бастап күні бүгінгі дейін "Мектеп" баспасының "оқулық авторлары мектебінің" директорының орынбасары, кейіннен директор қызметін атқаруда.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының сапалы болып шығуына жүйелі түрде еңбек сіңіріп жүр. Осы сала бойынша бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрді. "Білім беру ісінің үздігі" белгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}