Сурфактант
Сурфактант (лат. surphaktant — протеинді зат) — өкпе көпіршіктерінің (альвеолалар) ішкі бетін сынап, олардың қабырғаларының жабыспауын қамтамасыз ететін зат. Сурфактантты өкпе көпіршіктерінің қабырғасындағы ірі альвеолоциттер бөледі.
Сурфактант — фосфолипидтен, протеиннен және гликопротеидтен тұрады. Сурфактант жарғағын (биологиялық жарғаққа ұқсас) фосфолипид пен протеин, ал оның сұйық кабатын (гипофазасын) гликопротеид құрайды. Сурфактант аэрогемалық тосқауылдың маңызды құрамын құрайды. Дем шығару кезінде сурфактант өкпе көпіршіктері қабырғаларының қабысып қалмауын және көпіршіктер қабырғасы арқылы ауадағы микроорганизмдердің өкпе паренхимасына өтпеуін қамтамасыз етіп, қорғаныс қызметін атқарады, көпіршіктер қуысының әрқашанда ашық болуына мүмкіндік тудырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
de:Surfactant en:Pulmonary surfactant fr:Surfactant pulmonaire it:Surfattante polmonare pt:Surfactante pulmonar vi:Chất hoạt hóa bề mặt