Суреттеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Суреттеу — әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән өзгешеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырып өтеді. Бұл көбіне суреттеу(сипаттау) жолымен жүзеге асады.

Мысалы, "Бандыны қуған Хамит" әңгімесінде жазушы оқиғаның болған мезгілімен байланыстыра, күзгі табиғаттың әсем суретін береді. Үлгі:Дәйексөз деп келіп, жазушы орман арасының далаңқай жерлерінің шабылған шөбін, ойысып қоңырқай, жайма-шуақ биязы күзгі күннің тыныштық қалпын көктемгі табиғат салтанатымен салыстырады. Бірін жан қоздырған шабытты ән, көп кернейдің көркем күйі тәрізді десе, екіншісін алыстан созылған сарынға, нәзік қылды скрипка мен қобыздың сарынына балайды. Сөйтіп, осы арқылы күзгі күннің табиғи суретін жанды түрде көзге елестетеді. Бұл сияқты табиғат көркін суреттеуді пейзаж дейді.

Жазушы бұларға қоса әңгіме кейіпкерлерінің кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, киген киім-кешегін де сөз етеді. Бұлайша, шығарма кейіпкерлерінің түр-тұлғасын суреттеу портрет деп аталады. Мысалы, әңгіменің негізгі кейіпкерлерінің портретін жазушы былай суреттейді: Үлгі:Дәйексөз Автор Хамиттің батыр тұлғалы портретін толықтыра түсу үшін астындағы сәйгүлік Құбақан атты да қысқаша суреттеп өтеді. Әңгімеде жазушы Хамиттің осы түр-сипатын суреттеумен шектелмейді. Оның қайда істейтіндігіне, айналаға көзқарасына, нені машық ететіндігіне, ерлігіне, ақылдылығына, бір сөзбен айтқанда, мінез-құлқын да әңгімелеп кетеді. Осы сияқты, шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу мінездеме деп аталады.

Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер